Қазақстан мен АҚШ әскери ынтымақтастық мәселесін талқылады
Бес жылдық жоспар қаралды
Еліміздің қорғаныс министрлігінде Қазақстан және АҚШ арасындағы әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Әскери ведомствода еліміздің қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов пен АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джуди Куо протоколдық кездесу өткізді.
«Тараптар бес жылдық жоспар шеңберінде бітімгершілік және тілдік даярлық, мамандарды оқыту салаларындағы екі елдің қорғаныс ведомстволарының өзара іс-қимылымен қатар ынтымақтастық жайлы сөйлесті», – дейді еліміздің қорғаныс министрлігі.