Өрттің себебі анықталып жатыр
Абай облысында монша кешені өртеніп, салдарынан екі адам зардам шекті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі ТЖМ-нің Telegram арнасына сілтеме жасап.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, кеше кешкі сағат 7 шамасында Қаржаубайұлы көшесінде монша кешенінде өрт болғандығы туралы хабарлама келіп түсткен.
Газгольдердің жеке тұрған үй-жайында газ ағып, алдын-ала болжам бойынша жалпы ауданы 75 ш.м. жақын маңдағы қазандыққа таралған. Өрт кезінде 2 ер адам зардап шекті. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Өртті жоюға барлығы 8 техника мен жеке құрамның 27 адамы жұмылдырылды.