×

Рамзан Кадыровқа «Елдің әкесі» атағы берілді

Шешен тіліне икемделіп, «Мехк-Да» деп аталады, - деді Парламент төрағасы Магомед Даудов

 Дастан Жұмабекұлы 10.02.2023 | 14:05
фото: ашық дереккөз

Шешенстанның Парламенті Республика басшысы Рамзан Кадыровқа «Елдің әкесі» атағын беру туралы Заң қабылдады.

«Елдің әкесі» атағы шешен тілінде «Мехк-Да» деп аталады.

Республика басшысына «Елдің әкесі» атағын берудің мақсаты – аймақ басшысы лауазымын шешен тіліне икемдеп айту. Енді Шешен Республикасының басшысы Рамзан Кадыров – Шешен елінің әкесі, яғни «Мехк-Да» деп аталады, –  деді «Лорд» деген лақап аты бар Парламент төрағасы Магомед Даудов.

Сондай-ақ республиканың заң шығарушы органы Конституцияға «шешен елінің әкесіне», яғни «Мехк-Даға» елдің аумақтық тұтастығын қорғауға міндеттейтін талаптар енгізді.

Бұған дейін Татарстан президенті Рустам Миннихановтың лауазымы «Раис» (басшы) деп өзгертілген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама