Түркиядағы жер сілкінісі: қайтыс болғандар саны 17 мыңнан асты

Халық үні

Жер сілкінісі болған аймақтарда 13,5 млн адам тұрады

Фото: orient.tm

Түркияның Қахраманмараш провинциясында магнитудасы 7,7 және 7,6 екі жер сілкінісі болды. Салдарынан қайтыс болғандар саны 17 674 адамға жетті.

Бұл туралы Түркияның Haber Turk сайты хабарлады.

Жер сілкінісі салдарынан Қахраманмараш, Килис, Диарбакыр, Адана, Османие, Газиантеп, Шанлыурфа, Адияман, Малатья және Хатай қалаларында ғимараттар қирады.

Кейінгі ақпаратқа сәйкес, Түркияда жер сілкінісі салдарынан 17 674 адам қаза тапты, 72 879 адам жарақат алды.

Сондай-ақ Түркияда 75 елден барған құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, Түркияда жер сілкінісі болған аймақтарда 13,5 млн адам тұрады.