Қала маңында бақылаусыз жатқан осындай 800 полигон бар
Ақтөбеде қар төгетін орын қоқыс полигонына айналды. Ол жерге белгісіз біреулер тұрмыстық қалдықтан бөлек, малдың ішек-қарнына дейін тастап кеткен.
Өткен айда ғана дәл осы жерге шіріген қызанақ тасталған еді. Сол кезде жүк көлігінің жүргізушісіне айыппұл салынып, ол қоқыстың орнын жинап құтылған.
Алайда бұл жағдай өзгелерге сабақ болмаған сияқты. Енді қар төгетін орында тұрмыстық қалдықпен бірге малдың мүйізі, ішек-қарны шашылып жатыр. Қоғам белсенділері қоршаған ортаны бүлдіргендерге жаза қолдану керек деп отыр. Олар қала маңында бақылаусыз жатқан 800 полигон бар екенін айтады.
Қазір қыс мезгілі болғасын жағымсыз иіс сезілмейді. Аптап ыстықта не болатынын болжай беріңіз... Бұл қоқысты жақында әкеп төккен, өйткені үстін қар басып үлгермеген. Мұны көріп алған өзге тұрғындар да қоқысын осында әкеп төгетін болады. Шұғыл шара қолдану керек, - дейді КТК телеарнасына шағымын жетукізген қала тұрғыны Евгений Лазарчук.