7 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айының басталуына қатысты шешімін жариялап, биылғы пітір садақа мөлшерін бекітті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
2022 жылы елімізде Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Бұл туралы бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде белгілі болды.
Төралқа мәжілісінде наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы биыл қасиетті Рамазан айы 2 сәуірден басталатынын, Өзбекстан, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасымен кеңесіп, осындай ортақ шешім қабылданғанын атап өтті, - делінген мүфтият сайтындағы ақпаратта.
Биылғы ораза 30 күн болады. 2 мамыр – Ораза айт күні. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні болып белгіленді.
Сондай-ақ жиында пітір садақа мөлшері анықталды.
«Биылғы пітір мөлшері 500 теңге болып белгіленді. Пітір садақа мөлшері еліміздегі 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұн бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктері берген мәліметі негізінде анықталды», - деді басқарма.