×

Семейде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Қоғамдық көліктің жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды

 Динара Амантай 09.02.2023 | 14:58
Фото: polisia.kz

Семейде автобус пен автокөлік соқтығысты, деп хабарлады Halyq uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 8 ақпанда Семей қаласының Аэропортовская көшесінде 62 жастағы Dong Feng автобусының жүргізушісі бұрылыс маневрін жасап, жол бойындағы ВАЗ 2114 көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ 2114 жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді.

Автобус жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК 610-бабының 1-бөлігі («Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Кінәлі 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 6 айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама