×

Алматыда алғашқы муниципалды паркинг ашылады

Автотұрақтың құрылысы биыл жылдың соңына дейін аяқталады

 Дастан Жұмабекұлы 09.02.2023 | 14:11
фото: ашық дереккөз

Алматыда алғашқы көпдеңгейлі муниципалды паркинг салынады. Бұл туралы Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев айтты.

Өткен жолы аудан тұрғындары «Көктем-3» шағын ауданында құрылысы бітпеген паркингке қатысты мәселе көтерді. Ұлттық Банк бұл нысанды қаланың балансына берді. Енді 267 тұрақ орнына арналған алғашқы көп деңгейлі муниципалды паркингтің құрылысы биыл жыл соңына дейін аяқталады, – деді қала әкімі.

Сондай-ақ ол ауданның дамуы және былтыр тұрғындардан түскен ұсыныс бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Кездесуге 200-ден аса адам келді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама