×

Алматы облысында шенеуніктер лицензия беру үшін пара алған

Өз қызметтері үшін жалпы сомасы 850 мың теңге алғандары анықталды

 Динара Амантай 09.02.2023 | 13:23
Фото: Halyq Uni

Алматы облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратураның үйлестіруімен шағын бизнес субъектілеріне фармацевтикалық бақылау саласындағы лауазымды тұлғалардың жемқорлық қызметін тоқтатты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Антикордың мәліметінше, Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің басшысы мен бөлім басшысының міндетін атқарушы жүйелі түрде пара алумен айналысқан. Олардың заңсыз талабы бойынша шағын бизнес өкілдерінен фармацевтикалық қызметті (дәріхана бизнесін) жүзеге асыруға бас лицензиялар мен оларға қосымшалар бергені үшін жалпы сомасы 850 мың теңге алынғаны анықталды.

Антикор жемқорлықтың жолын кесу және анықтау, сондай-ақ бизнесті қорғау жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатқанын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама