Сот процесі 11 қаңтарда басталды
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс бойынша басқа сотталушылар сот процесін Астанада жалғастыруға қарсы болды, деп хабарлайды Halyq Uni.
11 қаңтарда Алматыда Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша сот процесі басталды.
Сотта Сатыбалдының адвокаты сотталушыны үйқамаққа жіберуді сұрады және сот процесін Астанада жалғастыру туралы өтініш білдірді. Сот адвокаттың өтінішін ішінара қанағаттандырды. Сатыбалдының үйқамаққа жіберілмей, сот процесін Астана қаласында жалғастыру туралы қаулы шығарды.
Алматы сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қаулыға прокурор мен сотталушылардың адвокаттары шағымданды.
Соған байланысты қылмыстық іс Алматы қаласы сотының апелляциялық инстанциясына шағымды қарау үшін жіберілді, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, қылмыстық іс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалды, оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС-нің басшылығы және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілініп отырғанын хабарлады. Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелді.
Гүлмира Сатыбалды – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі. Бұған дейін сот үкімімен Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылды.