×

Ақтауда көлік рөліндегі 13 жастағы баланы полицейлер әрең тоқтатқан

Оның ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды

 Динара Амантай 08.02.2023 | 15:36
Фото: zaryakubani.ru

Ақтауда патрульдік полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынбаған 13 жастағы бала ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 7 ақпанда тәртіп сақшыларының назарына 30 және 19-шағын аудандар аралығында жол ережелерін сақтамай келе жатқан Toyota Pradо автокөлігі ілінген. Жүргізуші полицейлердің көлікті тоқтату туралы заңды талаптарына бағынбай, жауапкершіліктен жалтару мақсатында қашуға әрекеттенген. Көлік көп ұзамай полицияның қосымша күштерінің көмегімен 30-шағын ауданда тоқтатылды.

Тексеру барысында жүргізушінің 13 жастағы жасөспірім екені анықталды. Патрульдік полиция қызметкерлері оны кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторларға тапсырып, заңды өкіліне ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Автокөлік айып тұрағына жабылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама