×

Ресейде зейнеткер әйел ұйқы бермеген ұлын пышақтап өлтірді

Соның алдында анасы мен баласының үйде бірге отырып арақ ішкені анықталды

 Дастан Жұмабекұлы 08.02.2023 | 11:39
фото: ашық дереккөз

Ресейдің Омбы қаласында тұратын зейнеткер әйел өзінің ұйықтауына кедергі келтірген 41 жастағы ұлын пышақтап тастады. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

Ресейдің Омбы қаласында 41 жастағы ұлын пышақ салып өлтірген 60 жастағы зейнеткер әйел қамауға алынды, – делінген хабарламада.

Ресей Тергеу комитеті өңірлік басқармасының хабарлауынша, қаланың Химиктер көшесіндегі бір пәтерден бір кісінің өлі денесі табылған.

Көп ұзамай, соның алдында анасы мен баласының үйде бірге отырып арақ ішкені анықталды. Содан кейін әйел жатып ұйықтамақшы болады. Бірақ ұлы бұған мүмкіндік бермейді. Сол кезде бұған қатты шамданған зейнеткер қолына пышақ алып келіп, оны баласына бойлата сұғады. Марқұм соққы алған бойда көз жұмады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама