Оқиға Қарағанды облысында болған
24 наурыз күні Instagram әлеуметтік желісіне жүргізілген мониторинг барысында Қарағанды облысы Абай қаласындағы балабақшалардың бірінде балаға қол жұмсаған тәрбиеші бейнежазбасы анықталды.
Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 140-бабына сәйкес (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – дейді полиция.
Тәртіп сақшылары алдын ала тергеу жұмыстары барысында 20 жастағы күдіктіні анықтады. Ол жасаған әрекетін мойындады. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.