Halyq Uni логотип
×

Абай қаласында баланы ұрып-соққан тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Оқиға Қарағанды облысында болған 

 Халық үні 25.03.2022 | 11:00

24 наурыз күні Instagram әлеуметтік желісіне жүргізілген мониторинг барысында Қарағанды облысы Абай қаласындағы балабақшалардың бірінде балаға қол жұмсаған тәрбиеші бейнежазбасы анықталды.

Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 140-бабына сәйкес (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – дейді полиция.

Тәртіп сақшылары алдын ала тергеу жұмыстары барысында 20 жастағы күдіктіні анықтады. Ол жасаған әрекетін мойындады. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама