Halyq Uni логотип
×

Қазір Түркияда 75 мыңға жуық қазақстандық болуы мүмкін

Қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ

 Дәурен Ерболат 07.02.2023 | 17:28
Қазір Түркияда 75 мыңға жуық қазақстандық болуы мүмкін
Sputnik / Sertac Kayar

Бүгінде Түркияда 75 мыңға жуық қазақстандық болуы мүмкін. Бұл туралы Cыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

4 мыңнан астам адамның өмірін қиған Түркиядағы алапат жер сілкінісінен кейін Қазақстан дипломаттары сол елдегі төтенше жағдайлар басқармасымен тұрақты байланыс орнатқан.

«Осы уақытқа дейін зардап шеккен немесе қаза тапқандардың ішінде қазақстандықтар жоқ. Қираған ғимараттар астынан зардап шеккендерді құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр», - деді СІМ ресми өкілі.

Консулдық есепте тек 968 қазақстандық бар. Алайда олардың саны бұдан көп болуы мүмкін.

Жалпы есеп бойынша Түркияда 8219 қазақстандық студент бар. Қазір Түркияда 75 мыңға жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін, - деді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, Түркиядағы жер сілкінісінен 4 мыңнан аса адам қаза тауып, 20 мың адам зардап шекті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама