Қызылорда станциясында бір адамды пойыз қағып кетті (ВИДЕО)
Аталған дерекке қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Қызылорда станциясында пойыз бір ер адамды қағып кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, 5 ақпанда аталған дерек Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.
Қылмыстық кодекстің 344-бабы 2 бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе темір жол көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу») бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге ақпарат тергеп-тексеру мүддесіне орай жария етілмейді.