Тергеу соты оған «үйқамақ» бұлтартпау шарасын санкциялады
Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Сауран аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары, полиция полковнигіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Антикордың мәліметінше, күдікті полиция бөлімінде алаяқтық фактісі бойынша тергеліп жатқан азаматтарды қылмыстық жауаптылыққа тартуға және іс бойынша залалды өтеуге жәрдемдесу үшін алаяқтық жолмен 1 млн теңге көлемінде ақша алған.
Кінәсін толық мойындауына және келтірілген залалды өтеуге байланысты тергеу соты оған «үйқамақ» бұлтартпау шарасын санкциялады. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.