Талдықорғанда баласы әкесін ас үй табасымен ұрып өлтірді
Сотқа дейінгі тергеу басталды
Талдықорғанда 18 жастағы жігіт әкесін ұрып өлтірген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 6 ақпан күні Көктал шағын ауданындағы жеке үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 50 жастағы ер адамның денесі табылған. Белгілі болғандай, әкесімен сөзге келіп қалған ұлы оны ас үй табасымен ұрған.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы («Кісі өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс құралы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдемелер ретінде тіркелді. Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.
ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.