×

Министр апатты жағдайдағы үйлер туралы айтты

2029 жылға дейін 1 500 ескі үйді бұзып, 40 мың адамның баспана мәселесін шешу жоспарланған

 Дастан Жұмабекұлы 07.02.2023 | 13:38
фото: ашық дереккөз

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев апатты жағдайдағы тұрғын үйлерге қатысты соңғы мәліметті айтты.

Оның айтуынша, елімізде тозығы жеткен және апатты жағдайдағы 3 700 үй бар. Биыл апатты жағдайдағы тұрғын үйлер мәселесі қайта қаралады. Сонымен қатар, қалалардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында сүрілетін үйлердің тізімі жасалады. Жалпы, 2029 жылға дейін 1 500 үйді бұзу және 40 мың азаматтың баспана мәселесін шешу жоспарланып отыр.

Қазір тұрғын үй құрылысына салынатын инвестиция көлемі артып келеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 15 млн 400 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Яғни, 130 мыңнан астам тұрғын үй салынды, – деді ол.

Министрдің айтуынша, тұрғын үй құрылысына инвестиция өткен жылмен салыстырғанда 16,8% артып, 2 трлн 900 млрд теңге болды. Мемлекеттік инвестициялар есебінен 17 300 пәтер салынып, 10 500 жеңілдетілген несие берілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама