×

Павлодар облысында жантүршігерлік апаттан 2 адам қаза тапты

Тағы 3 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді

 Динара Амантай 07.02.2023 | 10:40
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші мен жолаушы қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 6 ақпанда Павлодар-Қызылорда автожолының 244-шақырымында, Қарағанды облысының шекарасындағы Марғұлан ауылының маңында Mercedes көлігінің 43 жастағы жүргізушісі басып озу кезінде қарсы жолаққа шығып, Lexus көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Павлодар тұрғындары – Mercedes автокөлігінің жүргізушісі мен 75 жастағы жолаушысы алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында қаза тапты. Mercedes-тің өзге екі жолаушысы – 48 жастағы әйел мен оның 7 жасар қызы және Lexus-ты тізгіндеген 36 жастағы қарағандылық тұрғын түрлі жарақаттармен Екібастұз ауруханасына жеткізілді.

Аталған дерекке қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама