×

Бір айда 1,5 мыңнан аса этникалық қазақ қандас атанды

Қоныс аударғандардың 50 пайызы Өзбекстаннан келген

 Динара Амантай 07.02.2023 | 09:43
Фото: gov.kz

Биыл 1 ақпандағы жағдай бойынша 1 539 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 108,5 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысы (50%) Өзбекстаннан, 16,3%-ы – Қытайдан, 15,9%-ы – Ресейден, 8,4%-ы – Түрікменстаннан, 4,5%-ы – Моңғолиядан және 4,9%-ы басқа елдерден болып отыр.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27%), Маңғыстау (16,6%), Түркістан (7,1%) және Жамбыл (3,6%) облыстарына, сондай-ақ Астана (10,5%), Алматы (7,6%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанған.

Биыл 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны – 69,1%, еңбекке қабілетті жастан кішілері – 22,7% және зейнеткерлер 8,2% болды.

Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңейі бойынша 20,1%-ы – жоғары білімді, 40,9%-ы – орта кәсіби білімді, 35,2%-ы – жалпы орта білімді және 3,8%-ының білімі жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама