×

Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болды

Жер сілкінісі сағат 02:46 кезінде тіркелді

 Халық үні 07.02.2023 | 09:27
Фото: Тимур Батыршин

Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі хабарлады.

Жер сілкінісі 7 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 02:46 кезінде тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2. MPV магнитудасы 4.7. Тереңдігі 15 шақырым.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде жер сілкінді. Жер сілкінісінің эпицентрі – Қырғызстан мен Қытай шекарасы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама