Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтар анықталмады – СІМ

Дәурен Ерболат

Табиғат апатынан 300-ге жуық адам көз жұмған

Фото: Getty Images

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза болғандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Cыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Түркияда болған жер сілкінісі бойынша Қазақстан азаматтарының хабарласқаны туралы ақпарат жоқ. Қазір консул Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасымен тікелей байланыста. Қаза болғандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары табылған жоқ. Жер сілкінісі жойқын болған. Сондықтан құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ақпаратты тексеріп тұрамыз, - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, бұған дейін Жер сілкінісі: Түркия мен Сирияда қаза тапқандар саны 500-ден асқаны хабарланған еді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның оңтүстік-шығысында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісіне байланысты осы елдің басшысы Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. Сонымен қатар, президент Қазақстанның Түркияға тиісті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.