Halyq Uni логотип
×

125 мың адам кірген. Автонесиеге келесі өтінім наурыз айында ашылады

Лимит 18 секундта бітіп қалды

 Ербол Тұрымбет 06.02.2023 | 11:48
125 мың адам кірген. Автонесиеге келесі өтінім наурыз айында ашылады
Коллаж: Halyq Uni

Асыға күткен, асығыс біткен autonesie.kz сайтындағы жағдайға қатысты Қазақстан даму банкі мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Halyq Uni

Банк мәліметінше, платформа сағат 10:00-де жұмыс істей бастағаннан 761 қазақстандық небәрі 18 секундта өтінімін тіркеп үлгерген. Autonesie.kz платформасы іске қосылған алғашқы минутында-ақ сайтқа 125 мың адам кірген. 

Айта кетерлігі, autonesie.kz сайты осынша жүктемені көтеріп, үміткерлер тізімін жасай алған. Лимиті біткен соң өтінім қабылдау автоматты түрде тоқтатылып, «өтінім беру» функциясы істемей қалды. 

Өтінім беру барысында кей қолданушының автоөндірушіні таңдай алмауы да лимиттің таусылып қалуына байланысты екенін хабарлады.

Айта кетерлігі, келесі өтінім наурыз айында тағы ашылады да, ай сайын жалғасып отырады. 

Алдын ала мәлімет бойынша, жеңілдетілген автонесие бағдарламасында қайтарымды қаражат негізінде ай сайын электронды платформада 100-ден астам өтінім тіркеуге мүмкіндік болады.

Естеріңізге сала кетейік, жеңілдетілген автонесиемен кімдердің көлік ала алмайтынын таяуда хабарлаған едік. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама