×

Атыраулық қыз өзін Facebook-те қорлаған адамды сотқа берді

Жазба авторына ҚР ҚК-нің 131-бабы («Қорлау») бойынша айып тағылды

 Еркеғали Болатұлы 05.02.2023 | 17:58
фото: ашық дереккөз

Facebook қолданушыларының бірі өз парақшасында Атырау тұрғынына қатысты жалған ақпаратты қамтитын жазба жариялаған. Оның салдары үлкен дауға айналып, ақырында іс сотқа жетті.

Бұл даулы істі өңірдегі Қызылқоға аудандық соты қараған.

Facebook қолданушысының өз парақшасында қыздың ар-намысына тиіп, көпшілік алдында қадыр-қасиетін кетіріп, қорлағаны, сондай-ақ ол туралы жалған ақпарат таратқаны анықталды, – деп хабарлады «Мой город».

Жазба авторына ҚР ҚК-нің 131-бабы («Қорлау») бойынша айып тағылды. Алайда қос тарап сот залынан тыс келіссөз жүргізіп, өзара ымыраға келген. Соған сәйкес, сот қаулысымен қылмыстық іс тоқтатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама