Halyq Uni логотип
×

Теміртауда балабақша қызметкерлері балалардың көзінше төбелескен (ВИДЕО)

Медбике тәрбиешінің көмекшісіне шабуыл жасады, - дейді видео авторы

 Еркеғали Болатұлы 05.02.2023 | 16:43
Теміртауда балабақша қызметкерлері балалардың көзінше төбелескен (ВИДЕО)
фото: дереккөз

Әлеуметтік желіге Теміртаудағы балабақшада медбике мен тәрбиеші көмекшісінің төбелескені туралы видео тарап кетті. Қалалық білім бөлімі осы жайтқа қатысты түсініктеме берді.

Бұл ретте екі әйел алдымен балалардың көзінше ұрсысып, кейін төбелесе кеткен.

«Әдемі» балабақшасында 30 қаңтарда төтенше жағдай болды. Медбике тәрбиешінің көмекшісіне шабуыл жасап, жанжал туындады. Олар балалардың көзінше бейәдеп сөздер айтып, төбелескен. Үйге келген соң балалар болған оқиғаны айтып берді. Бұл олардың психикасына әсер етті, – делінген видео сипаттамасында.

Балалардың ата-аналары жағдайды анықтап, медицина қызметкерін жұмыстан шығаруды талап етіп отыр. Ал видеоға Теміртау қаласының білім бөлімі түсініктеме берді.

Аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. «Әдемі» балабақшасының әкімшілігі Теміртау қалалық полициясының Шығыс бөліміне әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы арызбен жүгінді. Бұл мәселе қатаң бақылауға алынды, – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама