×

«Оқушының жинаған ұпайы жетіп тұр. Алайда...»: ЖОО-дағы шекті балл мәселесі түсіндірілді (ВИДЕО)

Шекті балл мөлшерін университеттер өздерінің сайтына жариялайды

 Еркеғали Болатұлы 05.02.2023 | 12:00
фото: antiplagiat-killer.kz

Түлектер оқуға құжат тапсырмастан бұрын жоғары оқу орындарының шекті балын біліп алғаны жөн. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев өзінің Instagram-дағы парақшасында айтты.

Оның айтуынша, әр университеттің өз шекті балы болады. Бұл құқық оларға 3 жыл бұрын берілген.

Бір оқушы математика пәнінің мұғалімі болғысы келеді деп алайық. Ол ҰБТ-да жинаған 80 балымен ұлттық университетке ақылы бөлімге түскісі келеді. Өздеріңіз білетіндей, «Педагогикалық ғылымдарға» шекті балл – кемінде 75, ал ұлттық ЖОО-ларға – кемінде 65 балл. Оқушының жинаған ұпайы жетіп тұр. Алайда ол университетте оқушының оқығысы келген мамандыққа шекті балл 85-тен басталады. Демек оқушыға шекті балын 80-ге дейін белгілеген университетті іздеу керек, - деді Руслан Емелбаев.

Оның айтуынша, шекті балл мөлшерін университеттер өздерінің сайтына жариялайды немесе қабылдау комиссиясының жұмысы басталған уақытта кеңес береді.

Сонымен қатар, арнайы талапкерлер үшін testcenter.kz сайтында және Telegram арнасында осы ақпарат ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама