×

Ұлытау облысында пойыз 6 жылқыны қағып кетті (ВИДЕО)

Жылқылардың иесіне айыппұл салынды

 Динара Амантай 04.02.2023 | 18:00
Фото: видеодан скриншот

Ұлытау облысында жолаушылар пойызы алты жылқыны қағып кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін Манадыр-Жомарт аралығында Алматы-Жезқазған жолаушылар пойызының машинисі теміржол жолдарында жайылып жүрген жылқыларды байқап, соқтығысуды болдырмауға тырысып, шұғыл тежеуді қолданғаны туралы хабарлаған. Бірақ соқтығысуды болдырмау мүмкін болмады. Салдарынан пойыз 6 жылқыны қағып кетті. Пойыз жоспардан тыс 8 минут тұрақтап тұрды.

Аталған факті бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Үй жануарларының иесі 59 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі («Темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу») бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама