Қайғылы оқиға Тасөткел су қоймасында болған
Шу ауданында балық аулау кезінде екі балықшы мұз астына түсіп кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 3 ақпанда күндіз Шу қаласынан 40 км жердегі Тасөткел су қоймасында болған. Балықшылар жағалаудан 50 метр жерде отырған кезде мұз жарылып, адамдар судың түбіне кетті. Құтқарушылар бір адамның денесін тез арада алып шықты, ал екіншісін іздеуге тура келді.
Бүгін таңертеңгі сағат 10-да құтқарушылар суға батып кеткен екінші адамның денесін тауып алып, судан алып шықты.
ТЖМ азаматтарға қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтау қажеттігін ескертеді.