Үкіметте тауарлық газ өндірісін ұлғайту жөніндегі шаралар қаралды
Бүгін Үкіметте премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз» және «QazaqGaz» ұлттық компаниялары басшыларының қатысуымен жаңа кен орындарын барлау және игеру, қайта өңдеу және газ химиясы салаларындағы жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ жалпы, газ саласын дамытуды ынталандыру жөніндегі шаралар талқыланды.
Бұдан басқа жұмыс істеп тұрған кен орындарының ағымдағы өндірістік балансы және перспективті учаскелердің әлеуетті қуаты қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министр бірқатар нақты тапсырма берді.