Талдықорғанда 2 жасөспірім өзінің қатарласын зорлаған: полиция түсінік берді

Динара Амантай

Жасөспірімдер ата-аналарымен бірге қалалық полицияға жеткізілді

Фото: t.me/egovpress

Әлеуметтік желіде жасөспірім кәмелетке толмаған баланы жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген видеоға байланысты полиция қызметкерлері түсінік берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция бейнежазбада көрсетілген тұлғаларды анықтағанын хабарлайды. Екеуі де Талдықорған қаласының 13 және 15 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімдері болып шықты. Бейнежазба 2022 жылдың желтоқсанында жасалғаны белгілі болды.

Жасөспірімдер ата-аналарымен бірге қалалық полицияға жеткізілді. Мұндай жағдайда балалар психологы, заңды өкілдер, педагогтар мен адвокаттардың міндетті түрде қатысуымен сауалнама жүргізіледі.

ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлімінде («Жас балаға қатысты, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қылмыстық істі тергеу облыстық тергеу басқармасының өндірісіне алынды және полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.