×

Жамбыл облысында екі көпір астынан қару-жарақ табылды

Олар Қаңтар оқиғасы кезінде полиция департаментінен ұрланған қару болуы мүмкін

 Халық үні 24.03.2022 | 15:30
фото: polisia.kz

Жамбыл облысында екі көпір астынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты ЖД-158/4 мекемесі жедел бөлімінің қызметкерлері бір травматикалық тапанша және 39 дана 5.45 калибрлі оқ-дәрі тапты, – дейді полиция.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлескен жедел-іздестіру іс-шарасы барысында аталған қару-жарақ Жамбыл ауданы аумағындағы Аса өзенінің Бірлесу ауылына өтетін көпірден табылды.

«Сондай-ақ дәл осы ЖД-158/4 мекемесінің жедел бөлімі қызметкерлері шұғыл ақпараттар көмегімен Жамбыл облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде Тараз қаласындағы «Ауыл-Береке» базарына жетпей, Горбатый көпірінің астынан бір газбен атылатын қару әрі 20 дана 7.62 калибрлі оқ-дәрі тапты», – делінген мәліметте.

Бұл қару-жарақ Қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облыстық полиция департаментінен ұрланған қару болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«22 градус аяз болады»: синоптиктер қазақстандықтарға ескерту жасады

«Қазгидромет»  РМК Қазақстанда 30 наурыз бен 1 сәуір аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды
30.03.2023 | 08:05

Дәулет Тұрлыхановтың ұлының ісі: соққыға жығылған заңгер ерлі-зайыпты мәлімдеме жасады

Адвокат Анна Дмитриевич Дәулет Тұрлыхановтың сөзін жоққа шығарды
30.03.2023 | 07:45

«Артында 3 баласы қалды»: Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеген ер адам көз жұмды

Ер адам айна жасайтын зауытта жұмыс істеген
30.03.2023 | 06:05

Ақтөбедегі қанды оқиға: марқұмдардың туысы оқиғаның мән-жайын айтып берді

Енесі қаралы хабарды таң ата тәртіп сақшыларынан естігенін айтады
30.03.2023 | 01:44