Жамбыл облысында екі көпір астынан қару-жарақ табылды
Олар Қаңтар оқиғасы кезінде полиция департаментінен ұрланған қару болуы мүмкін
Жамбыл облысында екі көпір астынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты ЖД-158/4 мекемесі жедел бөлімінің қызметкерлері бір травматикалық тапанша және 39 дана 5.45 калибрлі оқ-дәрі тапты, – дейді полиция.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлескен жедел-іздестіру іс-шарасы барысында аталған қару-жарақ Жамбыл ауданы аумағындағы Аса өзенінің Бірлесу ауылына өтетін көпірден табылды.
«Сондай-ақ дәл осы ЖД-158/4 мекемесінің жедел бөлімі қызметкерлері шұғыл ақпараттар көмегімен Жамбыл облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде Тараз қаласындағы «Ауыл-Береке» базарына жетпей, Горбатый көпірінің астынан бір газбен атылатын қару әрі 20 дана 7.62 калибрлі оқ-дәрі тапты», – делінген мәліметте.
Бұл қару-жарақ Қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облыстық полиция департаментінен ұрланған қару болуы мүмкін.