Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды
Ақмола облысында полиция қызметкерлері жанар-жағармай талондарын ұрлағаны үшін 7 жылға сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Антикордың мәліметінше, Целиноград аудандық сотының үкімімен Ақмола облысы ПД патрульдік полиция ротасының командирі, полиция подполковнигі Талғат Ерденов пен патрульдік полиция ротасының аға инженері, полиция капитаны Махсат Жаманбаев орташа қауіпсіздік түзеу мекемесінде жазасын өтеуге 7 жылға бас бостандығынан айырылған.
Тергеу барысында Ерденов пен Жаманбаевтың алдын ала сөз байласу арқылы жалпы сомасы 100 миллион теңгеден аса көлемде жанар-жағармай талондарын жымқыру жолымен ұрлағаны дәлелденді.
Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.