Жаркент маңында жол апатынан бір адам қаза тапты
Жол-көлік оқиғасының себебі анықталып жатыр
Жетісу облысында көлік аударылып, салдарынан жолаушы әйел қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Панфилов ауданында Алматы-Қорғас тас жолының 337-шақырымында болған. 29 жастағы жүргізуші Lada автокөлігін басқара алмай,оның аударылуына жол берген. Оқиға салдарынан 26 жастағы жолаушы әйел қайтыс болды.
Зардап шеккен жүргізуші әйел мен 2 жасар бала аудандық ауруханаға жеткізілді.
Жол апатының себебі анықталып жатыр. Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалды.