Конституциялық сотқа шағымның қай өңірден жиі түсетіні белгілі болды
Құқықтық актілердің Ата заңға сәйкестігін тексеруді сұрайтындар да бар
Конституциялық сотқа бір айда 800-ден аса өтініш түсті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бүгінде Астана мен Алматы қалаларынан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары тұрғындарынан ең көп өтініш түскен.
Өтініш берушілердің басым бөлігі әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер бойынша шығарылған сот актілерімен келіспейді. Олардың саны барлық шағымның 36%-ына тең.
Сондай-ақ зейнетақы саласына қатысты өтініштер – 17%. Құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін тексеруді сұрайтындар да аз емес.
Бұдан бөлек, азаматтардан еңбек және тұрғын үй заңнамасы, әлеуметтік қамсыздандыру, ақпаратқа қол жеткізу және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы нақты жағдайларға байланысты өтініштер түсті, - деп жазылған Конституциялық соттың әлеуметтік желідегі парақшасында.