Павлодарда қарақшылыққа қатысы бар 2 ер адам ұсталды (ВИДЕО)
Тергеу жалғасып жатыр
Павлодарда аса ірі мөлшерде қарақшылық әрекетін жасаған екі ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Павлодар қаласында 22 желтоқсанда сағат 10:30 шамасында Қамзин көшесіндегі сауда үйлерінің бірінде орналасқан ұялы байланыс салонында белгісіз ер адамдар сатушыны пышақпен қорқытып, қымбат 25 телефонды және 305 мың теңгеден аса ақшаны иемденген. Залалдың жалпы сомасы шамамен 12 млн теңгені құрады.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қарақшылық дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 1991 және 1994 жылы туған Екібастұз қаласының 2 күдікті тұрғыны анықталып, ұсталды, - деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.
Күдіктілер Павлодар қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.