×

Таиландта ресейлік әйел британдықтың саусағының ұшын тістеп, жұлып алды

Бұл бір қорқынышты фильмдердегі кадрлар сияқты болып кетті, – деді оқиғаға куә болғандардың бірі

 Дастан Жұмабекұлы 03.02.2023 | 09:58
фото: ашық дереккөз

Таиландтың Пхаган аралында Ресейден келіп тынығып жүрген әйел британдық келіншектің саусағының ұшын кесіп тастады. Бұл туралы focus.ua хабарлады.

Оқыс оқиға жағажай клубында болған. Ресейлік жұп әткеншекте отырғанда, ішке Ұлыбритания мен Германиядан келген бір топ турист әйелдер кіреді. Олар жетектегі иттерін алып, бос орындарға жайғасады. Бірақ бұл жағдай ресейлік әйелге ұнамайды. Сөйтіп, ресейлік келіншек жоқ жерден ұрыс шығарады. Жанжал барысында ол британдық келіншек пен итке тап береді.

Зардап шегушінің айтуынша, өзі алдымен орыс әйелді басынан ұрған көрінеді. Бұған жауап ретінде ресейлік бірден оның қолына жабысып, бір саусағының бас жағын тістеп, жұлып алады.

Сол бойда қан деген атқылады. Бұл бір қорқынышты фильмдердегі кадрлар сияқты болып кетті, – деді оқиғаға куә болғандардың бірі – Польшаның спортшысы Моника Созанская.

Британдық әйел саусағының ұшы құмда жатқан жерінен табылды. Полиция ресейлік жұпты сол бойда қамауға алды. Бұл екеуге тек отельге барып, құжаттарын алып келуге ғана рұқсат берілді. Бірақ олар сол жақтан жасырынып шығып, Малайзияға қашып кетпекші болған.

Полиция бұзақы қашқындарды тап бастырмай ұстады. Ал саусағының ұшынан айырылған британдық әйел Самуи аралындағы ауруханаға жеткізілді. Кейінірек ол реплантациялық ота жасату үшін шұғыл Ұлыбританияға аттандырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама