Бір науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған
Қазақстанда бір күнде 91 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
3 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 556 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 121 пациент стационарда, 1 435 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастардың арасында 6 адамның жағдайы ауыр, бір пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған.
Бір науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.