×

Қазақстан «ең бақытты елдер» тізімінде ТМД бойынша көш бастады

Рейтинг тізімінің соңында Ауғанстан елі тұр

 Халық үні 24.03.2022 | 13:53
көрнекі фото: ҚФФ

Қазақстан бақытты елдер рейтингінде бес сатыға жоғарылап, 40-орынға жайғасты. Ал ТМД бойынша елдер арасында бірінші орынға шықты, деп хабарлайды World Happiness Report сайты.

Бақытты елдердің рейтингі 2019-2021 жылдары жүргізілген сауалнама негізінде жасалған. Сауалнамаға әлем бойынша 9 миллионнан астам адам қатысқан.

Ең бақыты елдердің көшін әдеттегідей Финляндия бастап тұр. Үздік ондыққа Дания, Исландия, Швейцария, Нидерланд, Люксембург, Швеция, Норвегия, Израиль және Жаңа Зеландия енді.

Қазақстан бір жылдың ішінде бес сатыға көтеріліп, 40-орынға шықты. Осылайша ТМД аумағында ең бақытты ел болып танылды.

Былтырғы рейтинг қорытындысы бойынша Қазақстанның алдына шыққан Өзбекстан осы жолы 53-орынға тұрақтады. Молдова – 62, Қырғызстан – 64, Беларусь – 65, Ресей – 80, Армения – 82, Тәжікстан – 83, ал Әзербайжан 92-ші орынға жайғасты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23