×

Түркістан облысындағы су тасқыны: қанша үйдің ауласын су басқаны хабарланды

Үш аудандағы ауылдарды су басты

 Халық үні 02.02.2023 | 17:40
Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Запаров су тасқыны болған аудандардағы жағдайды айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыста Бәйдібек (Шаян, Таңатар, Ынтымақ, Ақбұлақ, Шақпақ, Бірлік), Сауран (Бабайқорған, Абай, Үлгілі, Оранғай, Майдантал, Шаға), Ордабасы аудандарында (Шұбарсу, Бадам, Шұбар) су тасқыны болды.

Осы жағдай салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жауын-шашын тоқтады. Алайда су ағыны тоқтаған жоқ. Жағдай тұрақталды. Жаңбыр тоқтаса да, таулы аймақтарда қар еріп жатыр, - деді Бақытжан Запаров.

Айтуынша, облыс бойынша бір үйді су басқан. 186 үйдің ауласына, қорасына су кірген.

Үйдің қирағаны туралы мәлімет жоқ. Қалып кеткен малды көлікке салып шығарып жатыр, - деді Запаров.

Жұмысқа 308 адам, 51 бірлік техника, 25 мотопомпа, 1 жүзу құралы жұмылдырылды.

Айта кетейік, Түркістан облысында су тасқыны болып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 2 ақпанда Кентау және Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Ордабасы және Сауран аудандарында аулалар мен көшелер су астында қалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама