×

Қызылорда қаласында да екі автобус соқтығысып қалды

Салдарынан 3 жолаушы ауруханаға жеткізілді

 Динара Амантай 02.02.2023 | 17:33
Фото: polisia.kz

Қызылордада мектептің маңында екі қоғамдық көлік соқтығысып, 3 жолаушы зардап шекті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін сағат 08:00-де Қызылорда қаласындағы сол жағалауда орналасқан Orda School мектебінің жанында Yutong үлгісіндегі 2 қоғамдық көлік соқтығысып қалды. Салдарынан 3 жолаушы ауруханаға барып қаралған.

Жол-көлік оқиғасының орны рәсімделіп, тиісті құжаттар жинақталып, сараптамалар тағайындалды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда екі автобус соқтығысқанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама