Енді ол қаладан шықпауға тиіс
Павлодарда джип жүргізушісі итті атып кеткен, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлердің мәліметінше, ер адамнан мылтық тәркіленген.
Павлодар тұрғыны итті 12 калибрлі ТОЗ-34 қос ұңғылы мылтығымен атып тастаған. Оның қаруды ұстауға құқығы болған, - деп жазылған хабарламада.
Зооволонтерлер иттің ветеринарлық клиникаға жеткізілгенін айтты. Алайда ол сонда өліп қалған.
Полиция бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 316-бабы («Жануарларға қатыгездікпен қарау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Күдіктіге «ешқайда кетпеу» туралы бұлтартпау шарасы тағайындалды.