×

Астанада бір айда ЭКО жасатуға 631 өтініш келіп түсті

Биылдан бастап денеден тыс ұрықтандыру әдісін тегін жасату үшін 7 мың квота бөлінеді

 Дастан Жұмабекұлы 02.02.2023 | 15:13
фото: ашық дереккөз

Бұған дейін елімізде денеден тыс ұрықтандыру әдісін тегін жасату үшін 900-1000 квота көлемінде бөлінсе, биылдан бастап оның көлемі 7 мыңға жетті.  Бұл туралы журналист Әмірхан Алмағанбетовке Астана қаласы «Экомед плюс» клиникасының атқарушы директоры Нұрлан Смағұлов айтқан.

Дәрігердің айтуынша, дүниежүзі бойынша сәбилі болуды аңсап жүрген нәзік жандар өте көп. Бізді енді толғандырып отырғаны әлгі тегін квотаға үміттілердің бәрінің қолы жете ме деген өзекті мәселе болып отыр. Нұрлан Смағұлов адам баласын бедеулікке әкеліп соғатын түрлі фактордың бар екенін, соған қарамастан, денеден тыс ұрықтандыру әдісін еріктілерге қолдануға болатынын айтты. Оның айтуынша, жақында белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мен еліміздегі «Экомед плюс» клиникасының  бастамасы бойынша «Тегін ЭКО-2023» бағдарламасы қолға алынып, бір айда балалы болуды мақсат еткен әйелдерден 631 өтініш келіп түскен. Бүгінде бұл өтініштер «Экомед плюс» медицина орталығына жолданыпты, – деді Әмірхан Алмағанбетов.

Қазір «Экомед плюс» клиникасына келіп түскен 631 өтініш іріктеуден өткізіліп жатыр. Осының ішінен денсаулығы медициналық талаптарға жауап беретіндерге ғана клиника тарапынан тегін ЭКО жасалады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама