Түркістан облысында су тасқыны болып жатыр (ВИДЕО)
Су тасқынына қардың еруі мен жаңбырдың көп жауғаны себеп болған
Түркістан облысында су тасқыны болып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 2 ақпанда Кентау және Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Ордабасы және Сауран аудандарында аулалар мен көшелер су астында қалды.
Оқиға 2 ақпан сағат 08:00-де қардың еруі және жауын-шашынның көп жаууы салдарынан басталған.
Түркістан облысы әкімдігінің хабарлауынша, 2 ақпанда Сауран ауданы Бабайқорған ауыл округіне қарасты Бабайқорған, Абай, Үлгілі елдімекендерінде көшелер мен тұрғын үйлердің ауласына су кірген. Алдын ала ақпарат бойынша шамамен 10-ға жуық үйдің ауласын су басты.
Бабайқорған ауылындағы жалпы орта мектептің ауласын да су басқан, мектеп оқушыларына сабақтар тоқтатылды.