Видеодан баланың қатты жылағанын да анық естуге болады
Алматыда элиталық балабақшаның тәрбиешісі ұл баланы ұрып-соққан. Бұл туралы әлеуметтік желіде бүлдіршіннің анасы мәлімдеді, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.
Ол сөзіне дәлел ретінде бейнебақылау камерасынан алынған бейнежазбаны ұсынған. Онда шамамен 5-6 жастағы ұлды тәрбиешінің төсекке күштеп жатқызғаны, одан кейін жұлқылап, басқа бөлмеге алып кеткені көрінеді. Баланың қатты жылағанын да анық естуге болады.
Анасы осы оқиғаны басқа ата-аналарға ескерту болсын деген ниетпен жариялағанын жеткізген. Бұл жағдайға қатысты Оқу-ағарту министрлігі әзір ресми жауап берген жоқ.