Halyq Uni логотип
×

ОСК қайтыс болған сенатордың өкілеттігін тоқтатты

Гүлмира Кәрімова СҚО атынан Сенат депутаты болып сайланған

 Дәурен Ерболат 02.02.2023 | 10:19
ОСК қайтыс болған сенатордың өкілеттігін тоқтатты
Фото: akorda.kz

27 қаңтар күні Сенат депутаты Гүлмира Кәрімова 45 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

13 қаңтарда Гүлмира Кәрімова Солтүстік Қазақстан облысы атынан Сенат депутаты болып сайланған. Оған 144 адам дауыс берген.

Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жүргізген сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысына сәйкес, науқас өлімінің тікелей себебі – жүрек талмасы (жедел миокард инфарктісі). Анафилактикалық шок диагнозы расталмаған.

Бүгін Сенат отырысында 45 жасында қайтыс болған депутаттың өкілеттігілі тоқтатылды.

Қазақстан Конституциясының 52-бабының 5-тармағына сәйкес Парламент депутаты қайтыс болған жағдайда оның өкілеттілігі тоқтатылады. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы Сенатқа тиісті ұсыным енгізді, - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Гүлмира Кәрімова 1998 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2008 жылы Көкшетау университетінде қаржы бакалаврының дипломын алды.

Еңбек жолын 1998 жылы Петропавл қалалық классикалық гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. Түрлі жылдары қала мектептерінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді.

2010-2013 жылдары – №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің директоры;

2013-2017 жылдары – қалалық білім бөлімінің басшысы;

2017-2021 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы лауазымын атқарды.

2021 жылдың қыркүйегінен бастап Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама