×

5,3 млрд теңгенің мүлкі мемлекет меншігіне өтті

АФМ жүк тасымалдаушы монополиске қатысты тергеуді аяқтады

 Динара Амантай 02.02.2023 | 09:55
Фото: видеодан скриншот

 «Eurotransit Nur Zholy» ЖШС-не қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің мәліметінше, аталған заңды тұлға Қытай Халық Республикасының бейтарап аумағынан Қазақстанға жүк тасымалдаушы жалғыз оператор бола тұра, өз қызметіне бағаны заңсыз өсірген.

Атап айтқанда, компанияға тиесілі бос жүк машиналары ҚХР-ның бейтарап жағынан тауар тиеп, ЖШС қоймасына қайта оралып отырған. Бұл қызметі үшін бағаны, яғни бір рейс құнын (ұзындығы 3 шақырым) заңсыз жолмен қымбаттатқан. Монополистік қызметтен түскен табыс 4,2 млрд теңгені құрады.

Тергеп-тексеру барысында өз кінәсін мойындаған ЖШС басшылығынан мемлекет кірісіне құны 5,3 млрд теңгеден аса ЖШС активтерін (аумағында көлік-логистикалық ұйым орналасқан 3,6 гектар жер телімі) аудару туралы өтінішхат түсті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама