Бір тәулікте 62 адамнан коронавирус анықталды
Бір науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған
Қазақстанда бір тәулікте 62 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
2 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 565 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 121 пациент стационарда, 1 444 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Коронавирус анықталғандардың арасында 6 адамның жағдайы ауыр, 1 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған.
Бір науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.