Halyq Uni логотип
×

Мемлекеттен 116 680 теңге беріле ме?

Жалған ақпаратқа сенбеңіздер, - деді банк өкілдері

 Дастан Жұмабекұлы 01.02.2023 | 14:49
Мемлекеттен 116 680 теңге беріле ме?
фото: Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желіде Отбасы банкінің қолдауымен мемлекеттен 116 680 теңге алуға болатыны туралы тараған хабарға банктің өкілдері пікір білдірді.

Ведомство мәліметіне қарағанда, желіде Отбасы банкінің қолдауымен мемлекеттен 116 680 теңге алуға болатыны туралы жалған ақпарат тараған.

Алаяқтар еліміздің 10 жылдан астам еңбек өтілі бар әр азаматына Отбасы банкінің қолданыстағы шоттарына еңбек шегерімін ала алады деп жалған ақпарат жариялап жатыр. Алаяқтар WhatsApp-қа жіберілген сілтемені ашып, «сәлем» сөзін жазып жіберуді сұрайды екен. Сіздерден  күдікті сілтемені ашпай,  жеке деректеріңізді жарияламауды сұраймыз. Тек банктің ресми ақпаратын пайдаланыңыздар! - деді банк өкілдері.

Банк сыбайлас жемқорлық және алаяқтық мәселелер бойынша +7 (727) 330-94-82 телефоны немесе antifraud@otbasybank.kz электрон поштасы арқылы хабарласуға болатынын ескертті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама